Бішкекте өтіп жатқан көркем гимнастикадан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы топтық жаттығулардағы көпсайыс бойынша қола жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Аида Хакімжанова, Мадина Мырзабай, Жасмин Джунусбаева, Айзере Кеңес, Айзере Нұрмағамбетова және Кристина Чепульскаядан құралған ұлттық құрама 26.90 ұпай жинап, үздік үштікті түйіндеді. Алтын медаль Қытай құрамасына бұйырса, Өзбекстан гимнастары күміс жүлде иеленді.
Айта кетейік, бұл құраманың аталған Азия чемпионатындағы үшінші жүлдесі.
