27-28 мамыр күндері Орал қаласында самбодан әлем чемпионы, Әлем кубогының иегері Асқар Шайхиевті еске алуға арналған дзюдодан ересектер арасындағы дәстүрлі ашық республикалық турнир өтеді, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Бүгінде Оралдағы турнир халықаралық деңгейдегі беделді жарыстардың біріне айналып, жас спортшылардың шеберлігін шыңдайтын маңызды алаң ретінде бағалануда.
Биылғы додаға Қазақстанның барлық өңірлерінен бөлек, Өзбекстан мен Ресей Федерациясынан келген татами шеберлері қатысады. Екі күнге созылатын тартысты бәсекеде 200-ге жуық палуан 14 салмақ дәрежесінде өзара мықтыны анықтайды.
Айта кетейік, биылғы турнирдің басты ерекшеліктерінің бірі әр салмақ дәрежесінің жеңімпаздары арасында автокөлік ойнатылады.
