Вьетнамда өтіп жатқан U23 Азия чемпионатында Қазақстан әйелдер құрамасы жарысты сәтті қорытындылады, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Жарыстың соңғы күнінде отандастарымыз Алтын Шағаева
(57 келіге дейін) мен Тыныс Дүбек (62 келіге дейін) күміс жүлдеге қол жеткізді.
Нәтижесінде Қазақстан әйелдер құрамасы жалпыкомандалық есепте екінші орынға тұрақтады.
Бұл көрсеткіш бойынша қазақстандық қыздар тек Үндістан құрамасына жол берді.
