Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында өтіп жатқан көркем гимнастикадан Азия чемпионатында қазақстандық гимнаст Ақмарал Ерекешева екі қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Отандасымыз жекелей сында алдымен шығыршық жаттығуының финалында 28.50 ұпай жинап, қола медаль иеленсе, кейін доп жаттығуында 27.55 ұпаймен тағы да үздік үштіктен көрінді.
Екі бағдарламада да алтын медаль өзбекстандық Тахмина Икромоваға бұйырса, күмісті қытайлық Ван Цзылу еншіледі.
