Вьетнамның Дананг қаласында өтіп жатқан еркін күрестен U23 Азия чемпионатында ел қоржынына кезекті алтын медаль түсті, деп жазады Sportbugin.kz.
61 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен Нұрданат Айтанов финалда үндістандық Дипакпен тартысты белдесу өткізді.
Нұрданат соңғы 20 секундта жасаған нәтижелі әдістерінің арқасында есепті теңестіріп, 4:4 болған белдесуде жеңісті өз пайдасына шешті. Бұған дейін есеп 4:2 болып, қарсылас алда тұрған еді.
Осылайша жерлесіміз Азия чемпионатының жеңімпазы атанды.
