Вьетнамның Дананг қаласында өтіп жатқан еркін күрестен U23 Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы қоржынына тағы бір алтын медаль түсті, деп жазады Sportbugin.kz.
74 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен Нұрдәулет Сейілбеков финалда қырғыз балуаны Әділет Ақылбековпен белдесті. Жерлесіміз қарсыласына еш мүмкіндік бермей, айқын басымдылық танытты.
Кездесу барысында Нұрдәулет толық үстемдік көрсетіп, 12:1 есебімен жеңіске жетті.
