Мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоровқа не үшін айлық төленбегені туралы ҚР Туризм және спорт министрлігі жауап берді, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Министрлік мәліметінше, спортшының 2026 жылдың қаңтар және ақпан айларындағы жалақысы қолданыстағы келісімшарт негізінде толық төленген.
Ал наурыз айынан бастап Миландағы Олимпиадада алтын медаль жеңіп алған Шайдоровпен жаңа келісімшарт жасау жоспарланған. Қазіргі уақытта тараптар келесі олимпиадалық циклге арналған дайындық пен қаржыландыру шарттарын талқылап жатыр.
Сондай-ақ министрлік бұл тәжірибе барлық спортшыларға ортақ екенін атап өтті.
Бұдан бөлек, Михаил Шайдоров Олимпиада алтыны үшін 250 мың доллар сыйақы, Алматыдан үш бөлмелі пәтер және өмір бойғы мемлекеттік төлем алатыны хабарланды.
