5 маусым күні Италияның астанасы Рим қаласында таеквондодан беделді Гран-при турнирі жалауын көтереді, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Әлемнің үздік таеквондошылары қатысатын жарыста Қазақстан ұлттық құрамасының спортшылары да бақ сынайды.
Қазақстан құрамасының құрамы:
49 келіге дейін — Айдана Құмартаева, Нодира Ахмедова
57 келіге дейін — Мария Севостьянова
58 келіге дейін — Тамирлан Тілеулес
68 келіге дейін — Самирхон Абабакиров
80 келіге дейін — Батырхан Төлеуғали, Бекасыл Ергеш
80 келіден жоғары — Бейбарыс Қаблан
Айта кетейік, Рим төріндегі Гран-при турнирі 7 маусымға дейін жалғасады. Аталған жарыста спортшылар әлемдік рейтинг үшін маңызды ұпайларды сарапқа салады.
