Қазақстан әйелдер құрамасы бокстан Әлем кубогы кезеңіне дайындық аясында Қытайға жол тартты, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Бас бапкер Елдос Сайдалиннің жетекшілігіндегі ұлттық құрама Гуянг қаласында өтетін халықаралық оқу-жаттығу жиынына қатысады. Оқу-жаттығу жиынына әлемнің 19 елінен келген боксшылар жиналмақ.
Оқу-жаттығу жиынына Қазақстан құрамасынан әлем чемпиондары мен халықаралық жарыстардың жүлдегерлері қатысады. Атап айтқанда, Назым Қызайбай, Алуа Балқыбекова, Элина Базарова, Виктория Графеева, Аида Әбікеева, Лаура Есенгелді, Наталья Богданова, Валерия Аксенова және Дина Исламбековалар бар.
