Қазақстанның 19 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңін Португалиямен тең нәтижеден бастады, деп жазады Sportbugin.kz.
Қазақстандық футболшылар матчтың соңғы минуттарында таразы басын теңестіріп, маңызды ұпайға қол жеткізді. Кездесу 1:1 есебімен аяқталды.
81-минутта португалиялық шабуылшы Эдуарду Феррейра мергендік танытып, өз командасын алға шығарды. Алайда Португалия құрамасы жеңісті есепті сақтап қала алмады. 86-минутта Испанияның Levante UD клубында өнер көрсететін қазақстандық Алдияр Нұрғали есепті теңестіріп, Қазақстан құрамасына маңызды бір ұпай сыйлады.
Бірінші турдан кейін Қазақстан мен Португалия құрамалары бір-бір ұпайдан жинап, 6-топта уақытша алғашқы екі орынға жайғасты.
