Моңғолия астанасы Ұлан-Батырда өтіп жатқан Ulaanbaatar Open рейтингтік турнирінде грек-рим күресінен Қазақстан құрамасының өкілі Сұлтан Әсетұлы алғашқы белдесуінде жеңіліс тапты, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
72 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бақ сынаған қазақстандық балуан ширек финалда ирандық Мохаммад Резаимен кездесті. Белдесу барысында қарсыласы басымдық танытып, 10:0 есебімен мерзімінен бұрын жеңіске жетті.
Дегенмен, Сұлтан Әсетұлының қола жүлдеге таласуға мүмкіндігі сақталып отыр. Егер ирандық балуан финалға шықса, қазақстандық спортшы жұбаныш белдесулері арқылы жүлдеге қол жеткізуге мүмкіндік алады.
Айта кетейік, Ulaanbaatar Open рейтингтік турнирі 4-7 шілде аралығында Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өтіп жатыр.
