Моңғолия астанасы Ұлан-Батырда күрестен рейтингілік турнир басталды. Жарыстың екінші күнінде грек-рим және әйелдер күресінің өкілдері белдесуде, деп жазады Sportbugin.kz.
Әйелдер күресінен 57 келіде өнер көрсететін Нилуфар Раимова мен 72 келіде бақ сынайтын Жәмилә Бақбергенова финалға шыға алмады.
Жәмилә Бақбергенова жартылай финалда моңғол спортшысы Болортунгалаг Зоригтке 2:6 есебімен ұтылды. Ал Раимова КХДР-дың атақты балуаны Иль Сим Сонға 4:0 есебімен есе жіберді.
Енді қос бұрымдымыз қола медаль үшін белдесетін болады.
