Моңғолия астанасы Ұлан-Батырда күрестен рейтингілік турнир басталды. Жарыстың екінші күнінде грек-рим және әйелдер күресінің өкілдері белдесуде, деп жазады Sportbugin.kz.
Грек-рим күресінен 63 келі салмақ сынға түскен Еркебұлан Ардақов финалға өте алмады.
Ол жартылай финалда Қырғызстанның атақты балуаны Жоламан Шаршенбековтен 3:1 есебімен жеңіліп қалды. Енді Еркебұлан Ардақов қола жүлде үшін белдесетін болады.
Айта кетейік, Жоламан Шаршенбеков — екі дүркін әлем чемпионы, үш дүркін Азия чемпионы, 2022 жылғы Ханчжоуда өткен Жазғы Азия ойындарының жеңімпазы, сондай-ақ Париж Олимпиадасының қола жүлдегері.
@sportbugin ✅✅✅
