Атышулы қазақстандық боксшы Ангелина Лукас IBF (Халықаралық бокс федерациясы) ұйымының flyweight салмақ дәрежесіндегі рейтингінде бірінші орынға көтерілді, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Ангелина Лукас бұл табысты жеке жеңіс қана емес, тұтас ел спорты үшін маңызды белес деп бағалады.
«Бұл мен үшін тек жеке жетістік қана емес, сонымен қатар Қазақстандағы әйелдер кәсіпқой боксы үшін маңызды қадам. Командама, демеушілеріме, жанкүйерлеріме және осы жолда маған сенім артқан барша жандарға алғыс айтамын. Бұл — тек бастамасы», — деп жазды спортшы.
