Германияда 14-30 мамыр аралығында өтетін әлем біріншілігінің элиталық дивизионында Қазақстан құрамасы В тобында сынға түседі. Отандастарымыз бұл топта Канада, АҚШ, Чехия, Словакия, Дания, Норвегия және Венгрия құрамаларымен кездеседі.
Ал А тобында Швейцария, Финляндия, Швеция, Германия, Латвия, Австрия, Словения және Украина құрамалары өнер көрсетеді.
Әдетте әлем чемпионатының топтары командалардың әлемдік рейтингтегі орындарына сәйкес жасақталады. Алайда 2027 жылғы жаһандық доданы қабылдайтын Германия жарыс қожайыны ретінде А тобына орналастырылды. Соның нәтижесінде рейтинг бойынша А тобында болуы тиіс Словакия құрамасы Қазақстан ойнайтын В тобына ауыстырылды.
