Қазақстанның шорт-трек және конькимен жүгіруден ұлттық құрамаларында бас бапкерлер ауысты, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің шешімімен шорт-тректен ересектер құрамасының бас бапкері қызметіне Азамат Сұлтанәлиев тағайындалды. Ол бұл қызметте Пётр Гамидовтың орнын басты.
Ал конькимен жүгіруден ұлттық құраманы енді Александр Жигин жаттықтырады. Ол Александр Панфиловты алмастырды.
Айта кетейік, екі маман да бұған дейін Қазақстан құрамасының түрлі жас санаттарында жұмыс істеген. Енді ұлттық командалар 2026-2027 жылғы маусымға дайындықты бастайды.
