Моңғолия астанасы Ұлан-Батырда күрестен рейтингілік турнир басталды. Жарыстың үшінші күнінде еркін және әйелдер күресінің өкілдері белдесуде, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Еркін күрестен 86 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен қазақстандық Болат Сақаев алғашқы айналымнан аса алмады.
Сақаев бірінші белдесуінде Олимпиада чемпионы Магомед Рамазановпен кездесті. Жарақатына байланысты 14 ай бойы жарыстарға қатыспаған Рамазанов бұл кездесуде 8:2 есебімен жеңіске жетті.
