Қазақстан құрамасы жолдастық кездесуде сырт алаңда Армения құрамасымен тең түсті, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Ереван қаласында өткен матч 1:1 есебімен аяқталды. Кездесудің 50-минутында Максим Самородов Қазақстан құрамасын алға шығарса, араға үш минут салып армениялықтар есепті теңестірді. 53-минутта Эдуард Сперцян мергендігімен көзге түсті.
Осылайша, Қазақстан құрамасы қатарынан үшінші матчта жеңілмей келеді. Наурыз айында қазақстандық футболшылар FIFA Series 2026 турнирі аясында Намибия құрамасын 2:0, ал Комор аралдарын 1:0 есебімен жеңген болатын.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасы келесі жолдастық кездесуін 9 маусым күні Венгрия құрамасына қарсы өткізеді.
