Қазақстандық кәсіпқой боксшы Иван Дычко Ұлыбританияның Борнмут қаласында өткен кәсіпқой бокс кешінде жеңіске жетті, деп хабарлайды http://Sportbugin,kz,Sportbugin.kz.
Аса ауыр салмақта өнер көрсететін отандасымыз жергілікті боксшы Харви Дайкспен қолғап түйістірді. Он раундқа жоспарланған жекпе-жек қорытындысында төрешілер шешімімен жеңіске Иван Дычко жетті.
Кездесудің алғашқы раундында қазақстандық боксшы қарсыласын нокдаунға жіберіп, айқаста басымдық танытты.
Осылайша, Иван Дычко кәсіпқой мансабындағы 16-жеңісіне қол жеткізсе, Харви Дайкс алғаш рет жеңілістің дәмін татты.
