Боксшы Абылайхан Жүсіпов Қытайдың Гуйян қаласында өтетін Әлем кубогында 70 келі салмақ дәрежесінде бақ сынайды. Бұл туралы Sport12.kz сайтына сілтеме жасаған Sportbugin.kz хабарлады.
Жүсіпов қазіргі уақытта халықаралық додаға дайындалып жатқанын айтып, алдағы жарыста дәл осы салмақта жұдырықтасатынын жеткізді.
«Қазір ұлттық құрама сапында Қытайда өтетін Әлем кубогіне дайындалып жатырмын. Алдағы жарыста 70 келі салмақта ел намысын қорғаймын. Әзірге басқа салмақ дәрежесіне ауысу жоспарымда жоқ», — деді боксшы.
Айта кетейік, Әлем кубогы 15-21 маусым аралығында Қытайдың Гуйян қаласында өтеді.
