22-23 маусым күндері Астанада таеквондодан алғаш рет Altaic Taekwondo Championships халықаралық турнирі өтеді, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Жарыс ересектер мен жастар арасында өтеді және Дүниежүзілік таеквондо федерациясының (World Taekwondo) ресми күнтізбесіне енгізілген. Турнирге берілген G1 санаты спортшыларға әлемдік рейтинг үшін маңызды ұпайлар жинауға мүмкіндік береді.
Altaic Taekwondo Championships Алтай кеңістігіндегі елдердің спорттық байланысын нығайтуға бағытталған жаңа халықаралық жобаның алғашқы ірі додасы болмақ.
