Қарағанды облысында болған жол-көлік оқиғасы салдарынан Көкшетаудың «ЕЛІМ-АЙ» футзал командасының 29 жастағы ойыншысы Илья Буртовой көз жұмды, деп жазады Sportbugin.kz.
Илья футболдағы мансабын 2015 жылы «Шахтер-Булат» командасында бастаған. Кейін футзалға ауысып, Қарағандылық «Прогресс» сапында Қазақстан кубогында өнер көрсетті. Сондай-ақ елдегі үздік әуесқой командалардың бірі саналатын FC BIRLIK құрамында ұзақ жылдар ойнады.
Өткен жылы командасымен бірге шағын футболдан әлем чемпионатына қатысқан.
Биыл ол «Елім-Ай» клубы сапында Қазақстан кубогы мен Бірінші лига матчтарында өнер көрсетіп жүрген еді.
