Қазақстан бокс федерациясы қазақстандық былғары қолғап шеберлерінің ең әсерлі нокауттарының рейтингін жариялады, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Тізімге енген жарқын жеңістердің бірі — Бекзат Нұрдәулетовтің өзбекстандық Ақмолжан Исраиловқа қарсы жекпе-жегі. Болгарияда өткен дәстүрлі Странджа кубогында 86 келіге дейінгі салмақта сынға түскен қазақстандық боксшы алғашқы секундтардан-ақ басымдық танытқан.
Нәтижесінде Бекзат қарсыласын бірінші раундтың үшінші минутында ауыр нокаутқа жіберіп, жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқталған.
