Сенегал құрамасы АҚШ-қа келген бойда жаттығуға емес, жұма намазына бет бұрды, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Мәліметтерге сәйкес, сенегалдық футболшылар мен бапкерлер штабы толық құрамда Нью-Джерси штатындағы мешіттердің бірінде жұма намазын оқыған. Дәл осы штатта команда турнир алдындағы оқу-жаттығу жиынын өткізуде.
Журналистер Сенегал құрамасының бас бапкері Папа Боуна Тиаудан намазды жаттығудан жоғары қойғандарының себебін сұраған. «Біз мұнда футбол ойнауға келдік. Бірақ Аллаға құлшылық ету үшін жаратылғанымызды ешқашан ұмытпаймыз», – деді бас бапкер.
Айта кетейік, Сенегал құрамасы әлем чемпионатындағы алғашқы кездесуін Франция құрамасына қарсы өткізеді.
