Қытайда бокстан өтіп жатқан Әлем кубогының кезеңін Айбек Оралбай жеңіспен бастады, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Аса ауыр салмақта өнер көрсететін отандасымыз турнирдің 1/8 финалында америкалық Нажай Райтпен қолғап түйістірді. Кездесу қорытындысы бойынша төрешілер жеңісті бірауыздан Айбек Оралбайға берді.Осылайша, қазақстандық боксшы Әлем кубогының ширек финалына жолдама алды.
Айта кетейік, бүгін Қазақстан құрамасы сапынан Нұрбек Оралбай, Серік Теміржанов және Сабыржан Аққалықов өз жекпе-жектерінде жеңіске жетіп, келесі кезеңге өтті. Ал Наталья Богданова алғашқы кездесуінде жеңіліп, жарысты аяқтады.
