Қытайда өтіп жатқан бокстан Әлем кубогының кезеңінде жанкүйерлерді 90 келі салмақта тартысты жекпе-жек күтіп тұр, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Ширек финалда Қазақстан құрамасының көшбасшыларының бірі Нұрбек Оралбай Өзбекстан өкілі Тұрабек Хабибуллаевпен кездеседі.
Қос боксшы да әлем чемпионы. Нұрбек Оралбай — 2023 жылы 80 келі салмақ дәрежесінде әлем чемпионы атанса, Тұрабек Хабибуллаев — 2025 жылы 90 келіде әлемнің үздігі болған.
Нұрбек үшін бұл жаңа салмақтағы мықтылығын дәлелдеуге берілген мүмкіндік болса, Хабибуллаев өз салмағындағы көшбасшы екенін көрсетуге тырысады.
Әлем чемпиондарының айқасында жартылай финал жолдамасы кімге бұйырады? Сіз қалай ойлайсыз?
