Қытайда өтіп жатқан бокстан Әлем кубогын Нұрбек Оралбай ширек финалда аяқтады, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
90 келі салмақ дәрежесінде Нұрбек Оралбай ширек финалда өзбекстандық әлем чемпионы Тұрабек Хабибуллаевпен қолғап түйістірді.
Тартысты өткен кездесудің алғашқы екі раунды тең дәрежеде өрбігенімен, шешуші кезеңде Хабибуллаев басымдық танытты. Нәтижесінде төрешілер жеңісті 3:2 есебімен өзбек боксшысына берді.
Осылайша Нұрбек Оралбай Әлем кубогындағы жарыс жолын аяқтады.
