Қытайда бокстан өтіп жатқан Әлем кубогының кезеңін Назым Қызайбай жеңіспен бастады, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Үш дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбай 54 келі салмақтағы жарысын сенімді жеңіспен бастады.
1/8 финалда отандасымыз осы салмақ дәрежесінің басты фавориттерінің бірі, Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Им Э Джимен қолғап түйістірді.
Жекпе-жек барысында Назым барлық үш раундта басымдық танытып, төрешілер шешімімен 4:1 есебімен жеңіске жетті.
