Ресейдің еркін күрестен чемпионы студенттің өліміне қатысты күдікке ілінді, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
БАҚ мәліметінше, 18 жастағы Исса Зангиев 3500 рубль қарызға байланысты танысымен кездесуге келген.
Кездесуге оның үш досы да қатысқан. Өз кезегінде қарыздар жігіт жанжал туындауы мүмкін екенін ескеріп, қасына Тимур есімді досын ертіп келген.
Жанжал кезінде Тимурдың көзіне оқ тиіп, ауыр жарақат алған. Жас жігіт ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады.
Алдын ала мәлімет бойынша, Исса Зангиев тергеу барысында Тимурға өзі оқ атқанын мойындаған. Қазіргі таңда ол және оның 17, 20 және 22 жастағы үш серігі құқық қорғау органдары тарапынан ұсталған.
