Месси әлем чемпионатындағы алғашқы хет-трикін жасап, Клозенің рекордын қайталады, деп жазады Sportbugin.kz.
Аргентина құрамасының шабуылшысы Лионель Месси әлем чемпионатының топтық кезеңінде Алжир қақпасына үш гол соғып, хет-трик авторы атанды.
38 жастағы футболшы матчтың 17, 60 және 76-минуттарында мергендік танытты. Осылайша, аргентиналық жұлдыздың әлем чемпионаттарындағы гол саны 16-ға жетті. Ол бұл көрсеткіш бойынша Германия құрамасының бұрынғы шабуылшысы Мирослав Клозенің рекордын қайталады.
Әлем чемпионаттарындағы үздік сұрмергендер тізімінде үшінші орында
15 голмен бразилиялық Роналдо тұр. Ал төртінші орынды 14 голдан соққан француз Килиан Мбаппе мен неміс Герд Мюллер бөлісіп келеді.
Жалпы, Месси Аргентина құрамасы сапында өткізген 200 матчта 120 гол соғып, 64 нәтижелі пас берген.
