Маусым айының соңында Астана халықаралық таеквондоның маңызды орталығына айналмақ, деп жазады Sportbugin.kz.
Елордада дүниежүзілік таеквондо федерациясының күнтізбесіне енгізілген екі беделді халықаралық жарыс өтеді.
22-23 маусым күндері алғаш рет Altaic Taekwondo Championships турнирі ұйымдастырылса, 25-27 маусым аралығында дәстүрлі Kazakhstan Open халықаралық рейтингтік жарысы жалауын көтереді.
Екі турнир де Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында өтеді.
