Қытайда өтіп жатқан бокстан Әлем кубогында Тимур Нұрсейітов жарыс жолын аяқтады, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
75 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Тимур Нұрсейітов 1/4 финалда осы салмақ дәрежесінің басты фавориттерінің бірі, әлем чемпионатының күміс жүлдегері болгариялық Рами Киванмен қолғап түйістірді.
Үш раундқа созылған тартысты кездесудің қорытындысы бойынша төрешілер жеңісті бірауыздан болгариялық боксшыға берді.
Айта кетейік, бұл ерлер құрамасынан жарыс жолынан шыққан алтыншы боксшы. Бұған дейін Тимур Қабдешов, Нұрбек Оралбай, Серік Теміржанов, Сабыржан Аққалықов, Санатәлі Төлтаев жарыс жолынан шығып қалған болатын.
