Қытайда бокстан өтіп жатқан Әлем кубогында Абылайхан Жүсіпов жартылай финалға шықты, деп жазады Sportbugin.kz.
70 келі салмақ дәрежесінде Абылайхан Жүсіпов ширек финалда өзбекстандық Шавкатжон Болтаевпен қолғап түйістірді.
Жекпе-жек барысында қазақстандық спортшы толықтай басымдық танытты. Нәтижесінде төрешілер бірауыздан 5:0 есебімен жеңісті Жүсіповке берді.
Айта кетейік, Жүсіпов жартылай финалда иорданиялық боксшы Зейяд Ишаишпен кездеседі. Ол 2026 жылғы Азия чемпионатында Төрехан Сабырханды жеңген болатын.
