Қытайда өтіп жатқан бокстан Әлем кубогында Алуа Балқыбекова жарыс жолын аяқтады, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
51 келі салмақта сынға түскен Алуа Балқыбекова ширек финалда Үндістан өкілі Минакшимен кездесті.
Жоғары қарқында өткен тартысты жекпе-жектің қорытындысы бойынша төрешілер бірауыздан жеңісті үндістандық боксшыға берді. Қорытынды есеп — 5:0.
Осылайша, Алуа Балқыбекова Әлем кубогын ширек финал кезеңінде аяқтады.
