Спорттық гимнастикадан Азия чемпионатында финалға жолдама алған спортшылар анықталды, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Қазақстан құрамасының екі өкілі финалға жолдама алды.
Дмитрий Патанин еркін жаттығулар бағдарламасында сәтті өнер көрсетіп, іріктеу кезеңін төртінші орынмен аяқтады. Осы нәтижесі оған финалға шығуға мүмкіндік берді.
Сондай-ақ Дияс Тойшыбек те финалистер қатарына қосылды. Ол кермедегі жаттығуларда алтыншы нәтиже көрсетіп, медаль үшін таласатын спортшылардың қатарына енді.
Ал командалық көпсайыста Қазақстан құрамасы 240,660 ұпай жинап, төртінші орынға тұрақтады.
Еске сала кетейік, Азия чемпионатының финалдық жарыстары 20-21 маусым күндері өтеді.
