Балиде өтіп жатқан каратэден Азия чемпионатының екінші жарыс күні аяқталды, деп жазады Sportbugin.kz.
Екінші күннің қорытындысы бойынша төрт отандасымыз финалға жолдама алды. Сондай-ақ
ел қоржынына үш қола медаль түсті.
Әйелдер арасында кумите бағдарламасында -61 келі салмақта өнер көрсететін Әсел Қанай алтын медаль үшін күреседі. Өткен жылы қола жүлдеге ие болған спортшы бұл жолы нәтижесін жақсартуға үлкен мүмкіндік алып отыр.
Ерлер арасында кумите бағдарламасында үш спортшымыз финалға шықты.
-55 келіде Жоламан Биғабыл, -67 келіде Олжас Алтынбек және -75 келі салмақта Нұрқанат Әжіқанов шешуші кезеңге жолдама алды. Өткен жылы Ташкентте Азия чемпионы атанған Нұрқанат бұл жолы да чемпиондық атағын қорғауға жақын.
Айта кетейік, Индонезияда өтіп жатқан каратэден Азия чемпионаты 21 маусымға дейін жалғасады.
