Қытайда бокстан өтіп жатқан Әлем кубогында Назым Қызайбай финалға шықты, деп жазады Sportbugin.kz.
54 келі салмақ дәрежесінде Назым Қызайбай жартылай финалда Таиланд өкілі Натнича Чонгпронгклангпен қолғап түйістірді.
Алғашқы раунд қарсыластың пайдасына шешілгенімен, кейінгі екі раундта отандасымыз басымдықты өз қолына алды.
Нәтижесінде төрешілердің 3:2 есебіндегі шешімімен Назым Қызайбай жеңіске жетіп, финалға жолдама алды.
