Аргентина құрамасының жұлдызды футболшысы Лионель Мессиге 98 жастағы Полин Кана матч барысында үйленуге ұсыныс жасады, деп жазады Sportbugin.kz.
Қария қолына «Месси, маған үйленесің бе?» деген жазуы бар плакат ұстап, оны футболшыға көрсетті. «Гангстер әже» лақап атымен танылған жанкүйердің бұл әрекеті әлеуметтік желілерде кеңінен тарап, жұлдызды ойыншының назарын аударды.
Лионель Месси де жанкүйеріне назар аударып, оған қол бұлғап жауап берді.
Айта кетейік, Лионель Месси 2017 жылы бала күнгі сүйіктісі Антонела Роккуццоға үйленген.
