Қытайда өтіп жатқан эстафеталық жүгіруден Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы алғашқы алтын медалін жеңіп алды, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Аралас командалар арасындағы 4×400 метрлік эстафетада Андрей Соколов, Мария Шувалова, Эльнор Мухитдинов және Аделина Земс ел намысын қорғап, мәреге бірінші болып жетті.
Осылайша, қазақстандық атлеттер құрлық біріншілігінің чемпионы атанды.
Жарыс барысында Эльнор Мухитдинов ерекше нәтиже көрсетіп, өз кезеңіндегі 400 метр қашықтықты 46,14 секундта жүгіріп өтті.
Айта кетейік, Азия чемпионатына 9 елден 105 спортшы қатысып жатыр. Екі күнге созылатын додада алдағы уақытта ерлер мен әйелдер арасындағы 4×400 метрлік эстафета жарыстары өтеді.
