Ирина Бакалдина семсерлесуден Азия чемпионатында тарихи алтын медаль жеңіп алды, деп жазады Sportbugin.kz.
Құрлық додасының ақтық сынында Ирина Гонконг өкілі Кейлин Сэні 15:12 есебімен тізе бүктірді.
Жарыс барысында отандасымыз әлемдік деңгейдегі мықты қарсыластарын айқын басымдықпен жеңді. Жартылай финалда Олимпиада жүлдегері Оңтүстік Корея өкілі Сера Сонгты 15:7 есебімен ұтып, финалға жолдама алды. Оған дейін Гонконг және Қытай спортшыларын жеңген болатын.
Айта кетейік, бұл жүлде Қазақстан әйелдер арасындағы жекелей сапы сайысы тарихындағы алғашқы алтын медаль болды.
