Индонезияда WKF каратэден өткен ересектер арасындағы Азия чемпионаты мәресіне жетті, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Құрлық додасында Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте үздік үштіктен көрінді.
Ұлттық құрама 2 алтын, 2 күміс және 3 қола медаль жеңіп алып, жалпы есепте 3-орынға тұрақтады. Бұл көрсеткіш команданың Азиядағы жетекші құрамалардың бірі екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.
Алтын жүлдені — Жоламан Биғабыл мен Олжас Алтынбек, күміс жүлдені — Әсел Қанай мен Нұрқанат Әжіқанов, ал қола жүлдені Бэлла Самашева, Дайяна Даренская және Никита Тарнакин қоржынға салды.
Жалпыкомандалық есепте Жапония құрамасы 5 алтын, 3 күміс және 5 қола медальмен көш бастаса, Иран құрамасы 3 алтын, 1 күміс және 5 қола жүлдемен екінші орынға жайғасты. Қазақстан
2 алтын, 2 күміс және 3 қола медальмен үздік үштікті түйіндеді.
