Өзбекстан атынан өнер көрсететін этникалық қазақ Руслан Абдуллаев кәсіпқой бокстағы кезекті жеңісіне қол жеткізді, деп жазады Sportbugin.kz.
АҚШ-тың Калифорния штатындағы Оушенсайд қаласында өткен бокс кешінде 23 жастағы спортшы кубалық Орестес Веласкеспен қолғап түйістірді.
Он раундқа жоспарланған кездесу бесінші раундта мерзімінен бұрын аяқталды. Абдуллаев қарсыласын ауыр нокаутқа жіберіп, айқын жеңіске жетті.
Осылайша Руслан Абдуллаев кәсіпқой рингтегі бесінші жекпе-жегінде бесінші жеңісіне қол жеткізді. Оның үшеуі нокаутпен аяқталған.
Айта кетейік, Руслан Абдуллаев — әуесқой бокстан Азия және әлем чемпионы, сондай-ақ Париж Олимпиадасының қатысушысы.
