Таиландта күрес түрлерінен өтіп жатқан U15 Азия чемпионатының алғашқы жарыс күні Қазақстан құрамасы үшін сәтті басталды, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Жарыстың алғашқы күнінде кілемге грек-рим күресінің балуандары сынға түсіп жатыр. Грек-рим күресінен 52 келі салмақ дәрежесінде белдескен қазақстандық балуан Қанатбай Даниал ел қоржынына екінші алтын медальды салды.
Финалда ол жапон спортшысымен кездесіп, айқын басымдық танытты.
Қорытынды есеп — 9:0.
Осылайша, Қанатбай Даниал Қазақстан құрамасына кезекті жеңісті сыйлады.
