Таиландта күрес түрлерінен өтіп жатқан U15 Азия чемпионатының алғашқы жарыс күні Қазақстан құрамасы үшін сәтті басталды, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Алғашқы жарыс күнінде грек-рим күресінің балуандары сынға түсіп, 48 келі салмақ дәрежесінде ел намысын қорғаған Ролан Ким чемпион атанды.
Қазақстандық жас спортшы жарыс барысында жартылай финалда Өзбекстан өкілін жеңсе, алтын медаль үшін өткен шешуші белдесуде үндістандық қарсыласын айқын басымдықпен тізе бүктірді.
Осылайша, Ролан Ким Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы алтын медальді салып, құрлық біріншілігінің жеңімпазы атанды.
