Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Бекзат Алмахан UFC турнирінде жеңіліске ұшырады, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Бакуде өткен UFC Fight Night 280 турнирінде қазақстандық файтер бразилиялық Жан Мацумотомен күш сынасты. Жеңіл салмақтағы жекпе-жек үш раундқа жоспарланып, толық қашықтыққа созылды.
Тартысты өткен кездесудің қорытындысы бойынша төрешілердің барлығы жеңісті бірауыздан Жан Мацумотоға берді.
Осылайша, Бекзат Алмахан кәсіби мансабындағы төртінші жеңілісіне ұшырады. Оның еншісінде қазір 12 жеңіс пен 4 жеңіліс бар. Ал UFC-дегі көрсеткіші бір жеңіс және үш жеңіліске жетті.
Айта кетейік, Бекзат соңғы рет өткен жылдың қараша айында Дохада ұйымдастырылған UFC Fight Night турнирінде октагонға шыққан болатын. Сол кезде де төрешілердің бірауызды шешімімен Александр Топурияға есе жіберген еді.
