Чехия астанасы Прагада дзюдодан ерлер мен әйелдер арасындағы Еуропа кубогі басталды, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен қазақстандық дзюдошы Шерзод Давлатов барлық қарсыласын айқын басымдықпен жеңіп, турнирдің алтын жүлдесін иеленді.
Финалдық кездесуде ол Франция өкілі Мотоли Бонгамбе Янді мерзімінен бұрын жеңді.
Осы салмақта тағы бір қазақстандық спортшы Нұрәділ Әлжан қола медальға қол жеткізді. Үшінші орын үшін өткен белдесуде ол отандасы Сұңғат Нұратұлынан басым түсті.
Айта кетейік, Прагадағы Еуропа кубогіне 38 мемлекеттен 412 дзюдошы қатысуда. Халықаралық дода 28 маусымға дейін жалғасады.
