Асу Алмабаев UFC Fight Night 280 турнирінде мерзімінен бұрын жеңіске жетті, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Бакуде өткен жекпе-жек кешінде отандасымыз америкалық Чарльз Джонсонмен октагонға шықты. Жеңіл салмақтағы жекпе-жек үш раундқа жоспарланғанымен, кездесу толық аяқталған жоқ.
Үшінші раундта Асу қарсыласын қылқындыру әдісімен жеңіп, айқын басымдық танытты.
Осылайша, Алмабаев кәсіби мансабындағы 24-ші жеңісіне қол жеткізді. Оның UFC-дегі көрсеткіші енді 7 жеңіс пен 1 жеңіліске тең.
Айта кетейік, бұл жеңіс Асу Алмабаевтың UFC рейтингіндегі позициясын жақсартуға мүмкіндік беруі мүмкін.
