Қазақстан күрес федерациясы халықаралық жарыстардағы жүлдегерлерге берілетін сыйақы мөлшерін жариялады, деп жазады Sportbugin.kz.
Қазақстан күрес федерациясы халықаралық жарыстарда жүлде алған балуандар мен олардың бапкерлеріне берілетін сыйақы көлемін ресми түрде жариялады.
Олимпиада ойындарында алтын медаль жеңіп алған спортшыға 150 мың АҚШ доллары, жеке бапкеріне 30 мың доллар, ал бас бапкерге 15 мың доллар беріледі. Күміс жүлдегер 100 мың доллар, жеке бапкері 20 мың доллар, бас бапкері 10 мың доллар көлемінде сыйақы алады.Қола медаль иегеріне 50 мың доллар, жеке бапкеріне 10 мың доллар, бас бапкерге 5 мың доллар төленеді.
Әлем чемпионаты мен Азия ойындарында алтын жүлде үшін 100 мың доллар, күміс медаль үшін 50 мың доллар, қола жүлде үшін 25 мың доллар көлемінде сыйақы қарастырылған. Бұл жарыстарда да бапкерлерге арнайы қаржылай марапат беріледі.
Ал Азия чемпионатында алтын медаль иегеріне 30 мың доллар, күміс жүлдегерге 20 мың доллар, қола медаль алған спортшыға 10 мың доллар төленеді.
Айта кетейік, аталған қаржылай сыйақылар Қазақстан күрес федерациясы тарапынан берілетін қосымша марапат болып саналады. Бұдан бөлек, Олимпиада жүлдегерлеріне мемлекет тарапынан ақшалай сыйақы, баспана және заңда көзделген өзге де әлеуметтік қолдау көрсетіледі.
