Асу Алмабаев UFC тарихында алғаш рет 100 мың долларлық бонус алған қазақстандық файтер атанды, деп жазады Sportbugin.kz.
Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Асу Алмабаев UFC тарихында алғаш рет «Кештің үздік өнері» (Performance of the Night) номинациясы бойынша 100 мың доллар көлеміндегі арнайы бонусқа ие болған алғашқы қазақ спортшысы атанды.
UFC Fight Night: Baku турнирінде Асу америкалық Чарльз Джонсонды үшінші раундта сабмишен әдісімен мерзімінен бұрын жеңіп, жарқын жеңіске қол жеткізді. Осы жеңісі үшін ұйымдастырушылар қазақстандық файтерге 100 мың доллар көлемінде сыйақы тағайындады.
Аталған турнирде дәл осындай көлемдегі бонусты әзербайжандық Рафаэль Физиев, Абдул-Рахман Яхьяев және Даниил Донченко да иеленді.
Бұл жетістік Асу Алмабаевтың кәсіби мансабындағы маңызды белес қана емес, сонымен қатар Қазақстан ММА тарихындағы айтулы оқиға саналады.
