Еркін күрестен Қазақстан кубогының жеңімпазы Омар Жұмаш бір жылға спорттан шеттетілді, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Бізге жеткен ақпарат бойынша, еркін күрестен 92 келі салмақтағы Қазақстан кубогының финалынан кейін балуан Омар Жұмаш допинг сынамасынан өтпеген.
Осыған байланысты Sportbugin.kz. Қазақстан күрес федерациясының баспасөз қызметіне ресми сауал жолдады.
Федерацияның мәліметінше, Алматы облысының намысын қорғайтын спортшы допинг бақылау рәсіміне уақытылы келмегені және допинг агенттігіне құрметсіздік танытқаны үшін бір жыл мерзімге жарыстардан шеттетілген.
Айта кетейік, Омар Жұмаш биыл еркін күрестен Қазақстан кубогында 92 келі салмақ дәрежесінде топ жарып, алтын медаль жеңіп алған еді.
